Қазақстан мен Қытай атом саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Қазақстан мен Қытай атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы бірлескен ынтымақтастықты кеңейтеді.
KAZINFORM мәліметінше, ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев Қытай Халық Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары Лю Цзинмен кездесу өткізді.
Келіссөздер барысында атом саласының әлеуетін дамыту, ғылыми-техникалық ынтымақтастық бағыттары, инновациялар және кадрлар даярлау мәселелері талқыланған.
— Тараптар екіжақты өзара іс-қимылдың жоғары деңгейін атап өтіп, атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы бірлескен жұмысты кеңейтуге дайын екендіктерін растады, — делінген хабарламада.