Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Владимир Норов Өзбекстандағы дипломатиялық миссиясын аяқтап жатқан Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Дархан Сатыбалдыны қабылдады.
Өзбекстан СІМ мәліметінше, кездесуде елшінің Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы тату көршілік, стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастарын нығайтуға қосқан үлесі атап өтілді.
Министр Дархан Сатыбалдыны Түркістан облысының әкімі қызметіне тағайындалуымен құттықтап, кәсіби қызметіне сәттілік тіледі.
Тараптар әртүрлі салалардағы практикалық ынтымақтастықты кеңейту перспективасын талқылады.
Д.Сатыбалды өзінің үш жылдық жұмысында елді түбегейлі өзгерткен, халықтың әл-ауқатын арттыруға қызмет еткен қарқынды өзгерістердің куәсі болғанын атап өтті.
Елші Өзбекстан тарапына дипломатиялық қызметті жүзеге асыруда жасалған қолдау мен жағдай үшін терең ризашылығын білдіріп, Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуға бар күш-жігерді үйлестіруге дайын екенін білдірді.