Қазақстан Республикасының Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Бейбіт Атамқұлов «Достық» орденімен марапатталды.
Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидов марапатты табыстады.
«Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев Қазақстанның Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Бейбіт Атамқұловты екі ел арасындағы өзара құрмет пен сенімге, тату көршілік пен стратегиялық әріптестік қатынастарын жаңа деңгейге көтеруге, саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты мазмұнды бастамалармен байытуға, басым бағыттардағы байланыстарды кеңейтуге және жан-жақты дамытуға, бірлескен жобаларды ілгерілетуге қосқан жеке үлесі, сондай-ақ елдеріміздің халықтары арасындағы көп ғасырлық достық пен татулықты одан әрі нығайту жолындағы еңбектері үшін «Достық» орденімен марапаттады», делінген хабарламада.
Сыртқы істер министрі марапатты табыстай тұрып, Қазақстан елшісі мен оның командасын шын жүректен құттықтаған.