Өзбекстандағы Қазақстан елшілігі Өзбекстан Үкіметіне алғыс білдірді.
23 сәуір күні Өзбекстан мен Қазақстан Президенті телефон арқылы сөйлесіп, онда
Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзиёев Қазақстан басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа елдегі болып жатқан қиын жағдайға орай көңіл айтып, екі ел арасындағы тату көршілік, стратегиялық серіктестік және одақтастық қарым-қатынастарды одан әрі кеңейтудің өзекті мәселелерін талқылаған еді.
Өз кезегінде Қазақстанның Ташкенттегі елшілігі Өзбекстан халқы мен басшылығына алғыс білдірген мәлімдеме жасады.
«Елшілік Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғыс сөздеріне қосыла тұрып, Өзбекстан Президентінің әкімшілігі мен үкіметіне одақтас ретінде көрсеткен қолдауы үшін және өзбек халқының жан дүниесінің кеңдігі үшін алғысын білдіреді», - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, Өзбекстан Президентінің тапсырмасына сәйкес ел Үкіметі Қазақстандағы су тасқынынан зардап шеккен халыққа гуманитарлық көмек жөнелткен еді.