Қасым-Жомарт Тоқаев Берлинде Канцлер Фридрих Мерцпен келіссөз жүргізді
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Германияға жасаған сапарында Канцлер Фридрих Мерцпен келіссөз жүргізді
Ақорда мәліметінше, тараптар Қазақстан мен Германия арасындағы сан қырлы ынтымақтастықты нығайтуға бейіл екенін растаған.
Кездесуде екі ел үкіметтері өзара ықпалдастықты кеңейтуге барынша жағдай жасайтыны атап өтілген.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Германия Қазақстанның басты сауда серіктестерінің және жетекші инвесторлардың қатарына кіреді.
Өнеркәсіп, аса маңызды минералдар, көлік және логистика, цифрлық технологиялар, сондай-ақ машина жасау, химия өнеркәсібі секілді қосылған құны жоғары өнімдер шығаратын салаларда серіктестікті жандандыруға мол мүмкіндік бар.
Бұдан бөлек, тараптар көпжақты ынтымақтастық мәселелері жөнінде пікір алмасты. Халықаралық құрылымдар, соның ішінде «Орталық Азия – Германия» форматы аясында белсенді байланыс қарқынын сақтауға уағдаласты, - делінген хабарламада.