Қашқадария облысындағы газ құю бекетінде жарылыс болды
Бүгін 13:50 шамасында Қашқадария облысының Қаршы ауданында орналасқан тұрмыстық газ баллондарын сұйытылған газбен толтыру бекетінде жарылыс болды.
Облыстық төтенше жағдайлар басқармасының мәліметінше, 8 маусым күні сағат 13:50 шамасында Қаршы ауданының «Чаман» махалласында орналасқан жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қарасты газ құю бекетінде жарылыс болғаны туралы хабар түскен.
«Оқиға орнына бес құтқару жасағы жұмылдырылып, олар сағат 14:02-де жеткен. Өрт сағат 14:05-те оқшауланып, 14:55-те толық сөндірілді, делінген хабарламада.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, жарылыс салдарынан төрт автокөлік, оның ішінде екі «Cobalt» жеңіл көлігі мен газ тасымалдауға арналған екі көлік, сондай-ақ жер астындағы екі жанармай сақтау резервуары зақымданған.
Сонымен қатар, жарылыс салдарынан 6 адам қаза тауып, тағы 5 азамат түрлі деңгейдегі жарақатпен ауруханаға жеткізілген.
Өзбекстан Президентінің тапсырмасына сәйкес, Премьер-министрдің орынбасары Ачилбай Раматов жетекшілік ететін үкіметтік комиссия құрылып, комиссияға зардап шеккендерге қажетті көмек көрсету, апат салдарын жою, жарылыстың себептерін анықтау және мұндай жағдайлардың алдын алу бойынша шаралар әзірлеу міндеті жүктелді.
Қазіргі уақытта оқиға болған аумақ толық бақылауға алынып, салдарды жою жұмыстары жалғасып жатыр.