Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеев пен Түркіменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов «Түркіменбасы рухы» кешеніне барды.
Мұнда Түркіменстанның тұңғыш Президенті Сапармұрат Ниязовтың кесенесін зиярат етіліп, оның рухына арнап Құран оқылды.
Қасиетті кешен жанында Түркіменстан Президентінің әкесі Маликгули Бердімұхамедовты еске алуға арналған ауызашар беліріп, оған екі елдің муфтилері, діни қызметкерлері мен ақсақалдар алқасы қатысты.
Осы шарадан кейін Президент Шавкат Мирзияевтің Түркіменстанға жасаған жұмыс сапары аяқталды. Ашхабад халықаралық әуежайынан Мемлекет басшысын Түркіменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтың өзі шығарып салды.