Президент жарлығымен 392 адамға рақымшылық жасалды
Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Наурыз мерекесі мен қасиетті Рамазан айт қарсаңында халқымызға тән ізгілік, мейірім, кеңпейілділік және кешірімділік секілді асыл қасиеттерді дәріптеу, сондай-ақ мемлекетіміздің гуманистік саясатының нақты көрінісі ретінде «Жазасын өтеп жатқан, жасаған ісіне шын жүректен өкінген және түзелу жолына түскен бір топ адамға рақымшылық жасау туралы» Жарлыққа қол қойды.
Жарлыққа сәйкес, Өзбекстан Конституциясының 109-бабы 23-тармағына сәйкес, жазасын өтеп жатқан және жасаған ісіне шынайы өкінген 392 адамға рақымшылық жасалды.
Рақымшылыққа іліккендердің 223-і негізгі жазадан толық босатылды, 82-сі мерзімінен бұрын шартты түрде босатылды, 34 адамның бас бостандығынан айыру жазасы жеңілірек жазаға ауыстырылды.
Сондай-ақ 53 адамның бас бостандығынан айыру мерзімі қысқартылды.
Рақымшылық жасалғандардың ішінде 3-еуі – шетел азаматтары, 26-сы – әйелдер, 14-і – 60 жастан асқан ер адамдар, 166-сы – жастар және 24-і – тыйым салынған ұйымдар қызметіне қатысқандар.
Жарлықтың орындалуын қамтамасыз ету аясында рақымшылыққа іліккен азаматтарды отбасы мен жақындарына қайтару, олардың қоғамға бейімделуі, еңбекпен қамтылуы, салауатты өмір салтын ұстанып, қоғамда өз орнын табуына жәрдемдесу үшін тиісті министрліктер мен ведомстволарға нақты тапсырмалар берілді.