Мемлекет басшысы Өзбекстандағы алғашқы IT паркті аралап, мұндағы жасалған қолайлықтармен танысты.

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 20 қарашада Ташкенттегі Мырза Ұлықбек ауданындағы Бағдарламалық өнімдер мен ақпараттық технологиялары паркіне барды.

2019 жылдың 10 қаңтарында Министрлер мекемесінде қабылданған жарлыққа байланысты технопаркті құру бойынша шаралар белгіленіп, дирекция құрылған еді. Қабылданған жарлық бойынша құрылыс жұмыстары басталып, осы жылдың шілде айында оның алғашқы ғимараты пайдалануға берілді.

Өзбекстанда IT парк құру Өзбекстан Президентінің 2018 жылы Үндістанға мемлекеттік сапары кезінде қол қойылған келісім негізінде, Өзбекстан Республикасының Ақпараттық технологиялар және коммуникациялар министрлігімен және Үндістанның Электроника және ақпараттық технологиялар министрлігі жанындағы Бағдарламалық жасақтама технологиялар паркі қоғамымен бірлесіп құру белгіленген болатын.

Мемлекет басшысы Шавкат Мирзияев Өзбекстандағы алғашқы IT паркті аралап, мұндағы жасалған қолайлықтармен танысты.

Атаулы технологиялық парктің резиденттері ретінде тіркелген кәсіпорындар 2028 жылдың 1 қаңтарына дейін түбегейлі салықтар мен кедендік төлемдерден босатылып, технопаркке деген қызығушылықты арттыру мақсатында, осы сала мамандарына жасалған көмек берілуде және бұл қолқабыс әрекеттер қысқа уақыт ішінде нәтиже беріп оның резиденттері саны қазірде 300-ден асты.

IT парктің жұмыс барысымен танысуға келген Өзбекстан Президенті, технологиялық парктің келесі жаңа құрылысының кезеңі басталғанын білдіруші капсуланы орнатты. 

Өзбекстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі хабары. Хабарды толықтай «president.uz»дан оқи аласыздар.

Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Президент Ташкенттегі IT-парк құрылысының басталғанын білдіруші капсуланы орнатты