«President's Cup»: Хумоюн Султонов Астанадағы турнирді сәтті бастады
Қазақстанның Астана қаласында теннистен Challenger 50 санатына кіретін «President's Cup» турнирі өтіп жатыр. Байрақты бәсекеде Өзбекстан намысын Хумоюн Султонов пен Сергей Фомин қорғауда.
Жүлде қоры 63 мың АҚШ долларын құрайтын турнирдің алғашқы айналымында Хумоюн Султонов италиялық Александр Биндадан 6:3, 6:2 есебімен басым түсті. Енді ол аргентиналық Лучио Раттиге қарсы кортқа шығады.
Айта кетейік, Өзбекстанның бірінші ракеткасы Сергей Фомин турнирдің жекелей сындағы негізгі кезеңінің алғашқы айналымында бейтарап мәртебеде өнер көрсететін теннисші Максим Жуковпен кездеседі.