Пәкістан Сауд Арабиясына 8 мың сарбаз жіберді
Пәкістан өзара қорғаныс келісімі аясында Сауд Арабиясына 8 мың әскери қызметкер, жойғыш ұшақтар эскадрильясын және әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесін жіберді.
Reuters агенттігінің хабарлауынша, бұл Исламабадтың Иранмен байланысты қақтығыста негізгі делдалдардың бірі ретінде әрекет етіп отырғанына қарамастан жасалды.
Агенттік мәліметінше, Пәкістан жаңа шабуылдар болған жағдайда Саудия Қарулы күштерін қолдау үшін ірі әскери күштерді жөнелткен.
Бұдан бөлек, Пәкістан Сауд Арабиясына Қытайдың HQ-9 әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесін де жеткізген. Жіберілген барлық техникаларға пәкістандық мамандар қызмет көрсетеді және олардың шығынын Саудия тарапы қаржыландырады.