Пәкістан ресми делегациясы Ташкентке келді
Пәкістан Ислам Республикасы Премьер-министрінің міндетін атқарушы Анвар ул-Хак Какар Ташкентте өтетін Экономикалық ынтымақтастық ұйымының он алтыншы саммитіне қатысу үшін 8 қарашада Өзбекстанға келді.
Ташкент халықаралық әуежайында қонақты Өзбекстан Премьер-Министрі Абдулла Арипов және басқа да ресми тұлғалар қарсы алды.
Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы Анвар ул-Хак Какармен Нью-Йоркте өткен БҰҰ Бас Ассамблеясының 78-сессиясы барысында кездескен еді.
Мәліметтерге сәйкес, Өзбекстан мен Пәкістанның өзара сауда көрсеткіштері жыл басынан бері 75 пайызға артқан. Осы кезеңде жүк тасымалдау көлемі елу пайызға артып, 20 жаңа бірлескен кәсіпорын ашылды.
Шын мәнінде, екі елдің өңірлері арасындағы тиімді ынтымақтастықты кеңейту және коперациялық қарым-қатынастарды дамыту үшін үлкен әлеует бар. Тоқыма, фармацевтика, электротехника және туризм салаларында бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асырудың маңызы зор.
Экономикалық ынтымақтастық ұйымының он алтыншы саммиті елдер арасындағы жолға қойылмаған мүмкіндіктерді жүзеге асыруда маңызды саналады.
Икрам АВВАЛБАЕВ,
Насиржан ХАЙДАРОВ
(сурет), ӨзА