Перуде премьер-министр мен үкімет өзгерді
Перуде премьер-министр Гвидо Беллидо отставкаға кетті. Оның орнына Перу конгресінің бұрынғы төрағасы Мирта Васкес келді.
El Comercio баслымының мәліметінше, ел премьер-министрі орнынан кеткеннен кейін үкімет құрамы дерлік өзгерген.
6 қазанда Гвидо Беллидо өзіне қатысты тергеу жұмыстары және елдің сыртқы істер және әділет министрлері Оскар Мартуа мен Анибал Торреспен арадағы болған даудан кейін отставкаға кетуін сұраған.
Содан кейін, Перу президенті Педро Кастильо журналистерге Беллидоның отставкаға кеткенін растады және жақында жаңа үкімет құрылатынын хабарлаған еді.
42 жастағы Беллидо 2021 жылдың шілде айының оңында премьер-министр лауазымына келген. Ол осы қызметке кіріскенде-ақ, Республика Конгресінің мүшелері министрлер кабинетінің құрамына алаңдаушылық білдірген болатын.