«Пахтакор» Иордания клубын жеңіп, Азия Элит Чемпиондар лигасына жолдама алды
11 тамыз күні Ташкентте «Пахтакор» мен Иорданияның «Аль-Хуссейн» клубы арасында Азия Элит Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңіндегі матч өтті.
Кездесуде «Пахтакор» Иордания клубының қақпасына жауапсыз үш гол соқты. Есеп 3:0.
Осы жеңістен кейін «Пахтакор» Азия Элит Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне жолдама алып, Ферғананың «Нефтчи» клубымен бірге Өзбекстан намысын қорғайтын болды.
Азия Элит Чемпиондар лигасы — құрлықтағы клубтар арасындағы ең беделді футбол турнирі. Оған 32 клуб қатысады. Турнирдің жеребе тарту рәсімі 18 тамызда өтеді.
Лига кезеңіндегі ойындар 14 қыркүйекте басталады.