Әзербайжан астанасы Баку қаласында Азия Парламенттік Ассамблеясының (APA) 15-ші мәжілісі өтті.

Аталған беделді жиынға Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының Төрайымы Танзила Нарбаева бастаған делегация қатысты.

Әлемнің 30-ға жуық елінің парламент өкілдері қатысқан бұл жиында «Азияда көпжақты ынтымақтастықты нығайтудағы парламенттік дипломатияның рөлі» тақырыбы кеңінен талқыланды.

Ассамблеяның негізгі отырысында Сенат төрайымы Танзила Нарбаева сөз сөйлеп, бірқатар маңызды бастамалар көтерді. Олар: Парламенттік дипломатияны дамыту, заң шығару саласындағы тәжірибе алмасу, экологиялық қауіпсіздік пен климат өзгерісі мәселелерінде тығыз ынтымақтастық орнату.

- Ассамблеяда Өзбекстан Парламентінің өңірлік және халықаралық қатынастарды кеңейтудегі маңызды бастамалары мен халықаралық іс-шараларды ұйымдастырудағы белсенді рөлі ерекше атап өтілді, – деді Т.Нарбаева.

- Парламенттік Одақтың 150 жылдық мерейтойлық Ассамблеясы биыл 5-9 сәуір аралығында Орталық Азия тарихында алғаш рет Ташкент қаласында өтеді. Бұл да Өзбекстанның парламенттік дипломатиядағы беделін көрсететін жарқын мысал, – деп атап өтті Сенат Төрайымы.

Жиында жоғары деңгейде қол жеткізілген келісімдерді жүзеге асыру, заң қабылдау бойынша тәжірибе алмасу, сондай-ақ парламентаралық ынтымақтастықты күшейту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Парламент Ассамблеясы мәжілісінде Танзила Нарбаева маңызды бастамалар ұсынды