Пара шахматшылар "Мемлекеттік қауіпсіздік қызметі кубогы" үшін бақ сынасты
Шахмат – ақыл-ой, сабырлылық пен табандылықтың сыны. Сырдария облысының Жастар орталығында өткен пара шахматтан "Мемлекеттік қауіпсіздік қызметі кубогы" жарысының облыстық кезеңінде 7 жастан 70 жасқа дейінгі 100-ге жуық қатысушы жеңіс үшін қызу бәсекеге түсті.
Жалпы 7 турдан тұратын жарыста қатысушылар өздерінің ақыл-ой әлеуетін, стратегиялық ойлау қабілетін, сабырлылығы мен мықты ерік-жігерін паш етті. Жарыстың әрбір туры қызықты әрі ымырасыз бәсекелерге толы болды. Түрлі жастағы өкілдерді бір алаңға жинаған сайыстарда тәжірибе мен жастық жігер ерекше үйлесім тапты.
[gallery-31261]
Ұлдар арасындағы сайыстардың қорытындысы бойынша Әсілбек Исмаилов бірінші орынды иеленіп, жарыс жеңімпазы атанды. Мұрат Исақов екінші, Ақтам Жұмықов үшінші орынды иеленді.
Қыздар арасындағы бәсекелер де тартысты әрі ымырасыз өтті. Қызу сайыстардың соңында Дилнура Маруфжанова барлық қарсыласынан басым түсіп, бірінші орынды иеленді. Гүлсевар Садықова екінші, Нилуфар Сұлтанова үшінші орынға лайық деп танылды.
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері диплом, медаль және бағалы естелік сыйлықтармен марапатталды.
Сонымен қатар, жарыстың екі бағытында да бірінші орын алған жеңімпаздарға "Мемлекеттік қауіпсіздік қызметі кубогы" салтанатты түрде табысталды. Жарыстың екі бағыты бойынша үздік ондыққа енген пара шахматшылар Самарқанд қаласында өтетін келесі кезеңдегі жарысқа қатысуға жолдама алды.
Ғұлам Примов,
Үміт Әбіджанов (сурет), ӨзА