Пәкістан мен Сауд Арабиясы дипломатиялық визаның күшін жойды
Нью-Йоркте өтіп жатқан Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 81-сессиясы аясында Пәкістан мен Сауд Арабиясы арасында маңызды келісімге қол қойылды.
«Associated Press of Pakistan» агенттігінің хабарлауынша, құжатқа сәйкес дипломатиялық, қызметтік және арнайы паспорт иелеріне виза талап етілмейтін болды.
Осынау тарихи келісімге Пәкістан Премьер-министрінің орынбасары, сыртқы істер министрі Исхақ Дар және Сауд Арабиясының сыртқы істер министрі, ханзада Фейсал бин Фархан қол қойған.
Аталған келісім екі ел арасындағы өзара байланыстар мен ресми сапарларды айтарлықтай жеңілдетеді. Сонымен қатар стратегиялық әріптестік пен бауырластық қатынастарды одан әрі нығайтуға ықпал етеді.