Өзбекстан құрамасы Азия ойындарында 70 медаль жеңіп, бесінші орынға ие болды
Жапонияның Аичи және Нагоя қалаларында өткен XX Азия ойындарында Өзбекстан спортшылары 21 алтын, 25 күміс және 24 қола, жалпы 70 медаль жеңіп алып, 45 ел арасында құрметті бесінші орынға ие болды.
Еліміз атын атын асқақтатып, құрлықтағы өзбек спортының өзіндік орны мен зор әлеуеті бар екенін көрсеткен ел спортшыларының делегациясын Ислам Каримов атындағы Ташкент халықаралық әуежайында Өзбекстан Республикасы Премьер-министрі Абдулла Арипов бастаған үкімет өкілдері, Спорт министрлігі, Өзбекстан Ұлттық Олимпиада комитеті мен Паралимпиада комитетінің басшылығы, Ташкент қаласы әкімдігінің, спорт қауымдастығының өкілдері мен жанкүйерлер салтанатты түрде қарсы алды.
Азия Олимпиада кеңесінің қамқорлығымен өткен Азия ойындарына құрлықтың 45 елінен 11 мыңға жуық спортшы қатысты. 16 күнге созылған жарыстар спорттың 43 түрі мен 71 бағыты бойынша өтіп, онда спортшылар 469 бәсекеде барлығы 1 407 медаль үшін бақ сынады.
[gallery-31769]
Төрт жылда бір рет өтетін ең беделді кешенді ойындарда Өзбекстан делегациясы спорттың 42 түрінен жарысқа қатысты. Оның 36-сы олимпиадалық, 6-уы олимпиадалық емес спорт түрлері. Ұлттық құрамалар сапында 396 спортшы – 224 ер адам және 172 әйел ел намысын қорғады.
Өзбекстан спортшылары жағажай волейболы, волейбол, желкенді спорт, сквош және ММА бойынша Азия ойындарына алғаш рет қатысты. Сонымен қатар жарыс барысында садақ ату, допты хоккей, теннис, серфинг, триатлон және сквоштан «Лос-Анджелес–2028» жазғы Олимпиада ойындарына жолдама алу үшін бақ сынады.
Азия ойындарында Өзбекстан құрамы спорт саласында дамыған Иран, Таиланд, Қазақстан, Қытай Тайбэйі, Бахрейн, Солтүстік Корея, Гонконг, Индонезия, Катар, Сингапур, Малайзия, Вьетнам, Кувейт секілді елдердің спортшыларынан басым түсті. Жалпыкомандалық есепте Қытай Халық Республикасы, Жапония, Оңтүстік Корея және Үндістаннан кейін бесінші орынға ие болып, Өзбекстан спортының тарихында тағы бір жарқын бет ашты.
Бұл жетістік өзбекстандық спортшылардың 2028 жылы Америка Құрама Штаттарында өтетін жазғы Олимпиада ойындарында және 2030 жылы Катардың Доха қаласында өтетін келесі Азия ойындарында бұдан да жоғары нәтижелерге қол жеткізуіне берік негіз қалайтыны сөзсіз.
Салтанатты рәсімге Өзбекстан Республикасы Президентінің спорт мәселелері жөніндегі өкілі Одил Абдурахмонов қатысты.
суреттерді түсірген А.Мамадаминов, ӨзА