Өзбекстан Президенті жұмыс сапарымен Түркіменстанға барады
Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Түркіменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовтің шақыруымен 7-9 қазан күндері жұмыс сапарымен осы елге барады.
Мемлекет басшысы «Аваза» ұлттық туристік аймағында Орталық Азия және Әзербайжан мемлекеттері басшыларының сегізінші Консультативтік кездесуіне, сондай-ақ Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының кезекті саммитіне қатысады.
Консультативтік кездесудің күн тәртібіне саяси-дипломатиялық ынтымақтастықты одан әрі нығайту, сауда-экономикалық байланыстарды тереңдету, энергетика саласындағы серіктестікті кеңейту, қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруіне бейімделу бойынша бірлескен шараларды жүзеге асыру, мәдениет, білім және ғылым салаларындағы, сондай-ақ жастар арасындағы байланыстарды дамыту мәселелері енгізілген.
Аймақтық және халықаралық маңызы бар өзекті мәселелер, сондай-ақ бейбітшілік, тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты басым міндеттер жөнінде пікір алмасу жоспарланған.
ТМД Мемлекет басшылары кеңесінің отырысында Достастық аясындағы көпжақты ынтымақтастықтың қорытындылары шығарылып, оны одан әрі дамытудың перспективалары талқыланады. ТМД құрылғанына 35 жыл толуын атап өтуге ерекше назар аударылады.
Іс-шаралар қорытындысы бойынша бірлескен құжаттар топтамасын қабылдау жоспарланған.
Сапар бағдарламасына сәйкес, бірқатар екіжақты кездесулер өткізу де жоспарлаған.