Өзбекстан Президенті Түркияға келді
Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоғанның шақыруымен Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев жұбайымен бірге жұмыс сапарымен Анкара қаласына келді.
«Этимесгут» әуежайында Мемлекет басшысын Түркияның вице-президенті Жевдет Йылмаз және басқа да ресми тұлғалар қарсы алды.


Сапар аясында Өзбекстан басшысы Түркі мемлекеттері ұйымының кезекті саммитіне қатысады.
«Түркі дәуірі: тілде, ойда және істе бірлік» атты ұранмен өтетін жиынның күн тәртібіне басым бағыттар бойынша көпжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелері енгізілген.


Саммит қорытындысы бойынша Анкара декларациясы және ұйым аясындағы практикалық әріптестікті одан әрі кеңейтуге бағытталған бірқатар келісім қабылданады.
