Өзбекстан Президенті мемлекеттік сапармен Оманға барады
Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саидтің шақыруымен 16–17 қараша күндері мемлекеттік сапармен осы елде болады.
Сапар бағдарламасына сәйкес, Маскат қаласында жоғары деңгейдегі екіжақты келіссөздер, ірі компаниялар басшыларымен кездесулер және басқа да іс-шаралар өтеді.
Алдағы саммиттің күн тәртібіне Өзбекстан мен Оман арасындағы қарым-қатынасты жаңа деңгейге көтеру, сауда, инвестиция, ауыл шаруашылығы секілді басым бағыттардағы ынтымақтастықты кеңейту, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық және туристік алмасуды жандандыру мәселелері енгізілген.
Келіссөздер қорытындысы бойынша бірқатар құжаттар мен келісімдерге қол қою жоспарланып отыр.