Өзбекстан Президенті «Hyundai Motor Group», «Kia» және «Hyundai Rotem» компанияларының басшыларын қабылдады
Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Сеул қаласына сапары аясында «Hyundai Motor Group» стратегия жөніндегі президенті Ким Сон, «Kia Motors» аға вице-президенті Чо Сан Ун және «Hyundai Rotem» директорлар кеңесінің төрағасы Ли Ён Бэмен кездесу өткізді.
Компаниялар тобының Өзбекстанда автомобиль және көлік салаларын дамытуға қосып отырған үлесіне жоғары баға берілді. Жыззақта құрылған автомобиль кластеріндегі өндірісті кеңейту және автомобиль бөлшектерін жергіліктендіру деңгейін арттыру мәселелері қаралды.

«Kia» автомобильдерін өндірудің толық циклі жолға қойылып, экспорт көлемінің артып келе жатқаны атап өтілді. Жаңа үлгідегі автомобильдер өндірісін бастау және престеу цехын іске қосу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар электр және гибрид автомобильдерді құрастыруды жолға қою перспективалары қарастырылды.

Жоғары жылдамдықты «Hyundai Rotem» пойыздары Ташкент – Хиуа бағытында қатынай бастап, жол жүру уақытын екі есеге қысқартты. Компанияның қосымша пойыздар жеткізу мәселелері талқыланды.

Өзбекстанда «Hyundai Rotem» сервистік орталығын құру, қосалқы бөлшектер өндірісін жергіліктендіру, сондай-ақ электр қозғалтқыштарына арналған магниттер өндіру мүмкіндігін зерделеудің маңыздылығы атап өтілді.