Өзбекстан Президенті АҚШ Президентінің арнайы өкілін қабылдады
Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев 16 қазанда АҚШ Президентінің Оңтүстік және Орталық Азия жөніндегі арнайы өкілі Сержио Горды қабылдады.
Кездесуде Өзбекстан мен АҚШ арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі дамытуға қатысты өзекті мәселелер қарастырылды.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубионың Өзбекстанға алдағы сапарына, «C5+1» форматындағы министрлер кездесуіне және Өзбекстан–Америка іскерлік және инвестициялық кеңесінің екінші отырысына дайындық мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Алдағы іс-шаралардың мазмұнын байыту, жаңа бастамалар әзірлеу және басым бағыттар бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асыру маңызды екені атап өтілді.

Қысқа уақыт ішінде сауда-экономикалық байланыстарды дамыту, инвестиция тарту және бірлескен іскерлік бастамаларды ілгерілетудің тиімді тетігіне айналған Іскерлік кеңестің маңызы артып келе жатқаны айрықша сөз болды.
Сондай-ақ екі ел басшыларының қатысуымен өтетін алдағы халықаралық іс-шаралар жоспары жөнінде пікір алмасылды.