Отын энергетикасының өндірісі азайды
Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш едәуір төмен
Өзбекстанда жанармай мен табиғи газ өндірісі өткен жылмен салыстырғанда биыл едәуір азайған.
Мемлекеттік статистикалық комитетінің мәліметінше, 2019 жылдың қаңтар мен қазан айлары аралығында республика көлемінде автокөлік жанармайының өндірісі төмендеген. 2018 жылдың осы кезеңінде 966,8 мың тонна жанармай өндірілген болса, биыл 839,5 мың тонна бензин алынған.
Дизель жанармайының да өдіріс көлемінің көрсеткіш төмендегені байқалған, 2018 жылда 900,1 мың тонна болса, 2019 жылда 839,2 мың тонна дизель отыны өндірілген.
Мұнай өндірісіде азайған. 2018 жылда 624,3 мың тонна қазып алынған болса, 2019 жылда 584,1 мың тоннаға кеміген.
Табиғи газ өндірісі 2018 жылдың қаңтар мен қазан айлары аралығында 49,8 млрд кубты құраған. Ал биыл бұл көрсеткіш 49,3 млрд кубты көрсеткен.