Оңтүстік Кореяның бұрынғы әділет министрі 25 жылға сотталды
Оңтүстік Кореяның бұрынғы әділет министрі Пак Сон Чжэ 2024 жылғы 3 желтоқсандағы оқиғаларға қатысы және қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылып, 25 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сеул орталық аудандық соты бұрынғы министрді бүлікке қатысу және билікті асыра пайдалану баптары бойынша айыпты деп таныды.
Тергеу мәліметінше, бұрынғы президент Юн Сок Ёль әскери жағдай жариялағаннан кейін Пак Сон Чжэ Әділет министрлігінің жоғары лауазымды қызметкерлерінің қатысуымен жиын өткізген. Онда Юн Сок Ёльдің бұйрығымен қамауға алынуы жоспарланған саясаткерлерді ұстау орындары талқыланған.
Сот шешімінде айыпталушы бүліктің сәтті аяқталуына сеніп, оған қатысуды жөн көргені және Конституцияны қорғау жөніндегі міндетінен бас тартқаны атап өтілді.