Оңтүстік Кореяда соңғы 15 жылда алғаш рет туу көрсеткіші өсті
2025 жылы Оңтүстік Кореяда кейінгі он бес жыл ішіндегі туу деңгейінің ең жоғары өсімі тіркелді.
The Guardian басылымының хабарлауынша, өткен жылы елде 254,5 мың сәби дүниеге келген. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 6,8 пайызға көп. Жалпы туу коэффициенті 0,75-тен 0,8-ге дейін өсіп, 2021 жылғы деңгейге қайта жетіп отыр.
Сарапшылар туу көрсеткішінің артуын «эхо-бумерлер» деп аталатын шағын буынмен байланыстырады. Бұл – қазіргі уақытта бала туу жасындағы белсенді кезеңге жеткен, 1991–1995 жылдары дүниеге келген ұрпақ. «Эхо-бумерлер» Корея үкіметі отбасын жоспарлау саясатын жұмсартқан кезеңдегі қысқа мерзімді туу өсімінің нәтижесінде туған буын болып саналады.