Америка киноакадимиясы кинематографиядағы үздік марапат «Оскар» сыйлығына үміткер фильмдер тізімін жариялады.

93-ші реткі үздіктерді марапаттау салтанаты әлемдік індеттің тарауына байланысты өз мерзімінен екі айға кешіктіріліп 25 сәуірде өткізу жосарланған. 

Жыл сайын өтетін айтулы шараға әлемік режиссерлер американдық киноакадемияға жаңа туындыларын ұсынады және сарапшылар бірнеше ай ішінде барлық фильмдерді қарап, олардың 15-ін таңдайды. Тізімге іліккен туындылар «Оскар» сыйлығына үміткер атанады.

Ұйымдастырушылар «Оскар» марапатын табыстау рәсімін кешіктірген кезде, сыйлыққа үміткер фильмдерді 15 наурызда жариялауын айтан еді, бірақ бұл тізім одан ерте жарияланды. 

Сонымен, кино мамандары академия қоржынына келіп түскен фильмдер арасынан үздік шыққан 15 туындыны таңдап алып, жүлдеге үміткерлер қатарына қосты. 

Үздік деректі фильмдер:

«Бәрі: демократия үшін күрес» (All In: The Fight for Democracy)

«Жас саясаткерлер» (Boys State)

«Коллектив» (Collective)

«Мүгедектер лагері» (Crip Camp)

«Дик Джонсон өлді» (Dick Johnson Is Dead)

«Гунда» (Gunda)

«МЛК/ФБР» (MLK/FBI)

«Қысқа агент» (The Mole Agent)

«Менің ұстазым – сегізаяқ» (My Octopus Teacher)

«Ноктюрн» (Notturno)

«Суретші мен ұры» (The Painter and the Thief)

«76 күн» (76 Days)

«Уақыт»  (Time)

«Трюфель іздеушілері» (The Truffle Hunters)

«Шешенстанға қош келдің» (Welcome to Chechnya)

Кинематография өнері және ғылым академиясы жалпы 9 санат бойынша үздіктерді таңдаған. Онда толық метражды деректі фильм, қысқа метражды фильм, халықаралық көркем фильм, макияж және шаш үлгісіне, музыка (түпнұсқа партитурасы), музыка (түпнұсқа әні), анимациялық қысқа метражды фильм, жанды дауыста қысқа және визуалды эффекттер бар. 

Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
«Оскар» сыйлығына үміткер фильмдер тізімі жарияланды