ӨР Орталық сайлау комиссиясы референдумға арналған бюллетеньнің мәтіні мен формасын бекітті.

Референдумда дауыс беру бюллетеньніне «Өзбекстан Республикасының Референдумы туралы» Заңның 29-бабына сәйкес Өзбекстан Республикасы Олий Мажлиси Заң шығару палатасының 2023 жылғы 10 наурыздағы және Олий Мажлис Сенатының 2023 жылғы 14 наурыздағы қаулыларында көрсетілген мәселенің мәтіні енгізілді және сайлаушылардың өз еркінің «иә» немесе «жоқ» деген нұсқалары көрсетілді. Сондай-ақ сайлау бюллетенінде оны толтыру тәртібі түсіндіріледі.

Сондай-ақ зағип жанды сайлаушылардың сайлау бюллетеньдерін толтыру үшін Брайль әліпбиімен жазылған трафареттер дайындалады.

Дауыс беру бюллетеньдері референдум өтетін округтегі комиссиялары ұсынған ақпарат бойынша референдум округі бойынша сайлаушылардың санын, оның ішінде аумақта тұратын халықтың көпшілігі сөйлейтін тілдерде сайлау бюллетеньдерін дайындау қажеттілігін ескере отырып, басып шығарылады.

ОСК жиынында, Өзбекстан Республикасының референдумына қатнасатын шет мемлекеттерден және халықаралық ұйымдардан келген бақылаушыларды және БАҚ өкiлдерiн аккредиттеу, референдумға дайындық көру және оны өткізу мәселелерi бойынша, кейбiр округтiк комиссия төрағаларының ақпаратына сай мәселелер қаралған.

Атап айтқанда, ОСК қаулысымен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Парламентаралық Ассамблеясы, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Демократиялық институттар және адам құқықтары бюросы, Грузия мен Әзірбайжан Орталық сайлау комиссиясы және шет мемлекеттерден барлығы 26 байқаушы аккредиттелген.

Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Орталық сайлау комиссиясы референдумға арналған бюллетеньнің мәтіні мен формасын бекітті