Өзбекстан Орталық банкі басқармасының 2023 жылғы 16 наурызда өткен жиында базалық мөлшерлемені 1 пайызға төмендетіп, жылдық 14 пайыз деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады.
Банк мәліметінше, экономикадағы инфляция деңгейі ең жоғары шегіне жетіп, төмендей бастағаны байқалды. Сонымен қатар қатаң сыртқы қаржылық жағдайлардың ішкі экономикалық белсенділікке теріс әсер ететіндігі туралы сигналдар пайда болуда.
«Базалық мөлшерлемені 1 пайыздық тармаққа төмендету өткен жылдың наурыз айында тәуекелдер бойынша пайыздық мөлшерлеменің көтерілуінен туындаған қосымша жүктемені толығымен алып тастауға мүмкіндік береді» делінген Орталық банк хабарында.