Өзбекстан Орталық банкі базалық мөлшерлемені 13,5 пайыз деңгейінде сақтап қалды.
Банк ақпаратына сәйкес, 2025 жылдың 23 қаңтарындағы отырысында инфляцияны 5 пайыздық мақсатқа дейін төмендету үшін ақша-кредит саясатын қатаңдату жөнінде шешім қабылдаған. Бұл шаралар орта мерзімді перспективада бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталып отыр.
«Орталық банк орта мерзімді кезеңде инфляцияның 5 пайызға дейін тұрақты төмендеуін қамтамасыз ету үшін ақша-кредит жағдайларының жеткілікті түрде қатаң қалыптасуын бақылауда ұстайды», – делінген хабарламада.
Сондай-ақ, егер экономикадағы жалпы сұраныс пен бағаларға қысым күшейіп, күтілгеннен жоғары деңгейде орын алатын болса, ақша-кредит саясаты қайта қаралуы мүмкін екендігі айтылған.
Орталық банк Басқармасының келесі отырысы 2025 жылдың 13 наурызына жоспарланған.