Алғаш рет Ташкенттте ұйымдастырылған Орталық Азияның спорттық ойындары қайта жанданатын болды.
Оңтүстік Кореяда Ұлттық олимпиадалық комитеттер қауымдастығының Бас ассамблеясы аясында Орталық Азия елдері Ұлттық Олимпиадалық комитеттерінің кезекті сессиясы өтті.
Оған Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан ҰОК өкілдері қатысып, күн тәртібіндегі басты тақырып Орталық Азия ойындарын қайта жаңғырту болды.
Тараптар бірлескен спорт бағдарламасын әзірлеуге, сондай-ақ алдағы екі жылда Орталық Азия ойындарын қайта жалғастыруға келісті. Ойындарды ұйымдастырушы ел мен өтетін күні кейінірек хабарланатын болған.
Алғашқы Орталық Азия спорттық ойындары 1995 жылы Ташкентте өтті. Кейінгісі 1997 жылы Алматыда, 1999 жылы Бішкекте, соңғысы 2003 жылы Душанбеде ұйымдастырылған.
Орталық Азия ойындарына аймақтың жеті елі қатысады деп күтілуде: Қазақстан, Ауғанстан, Иран, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан.