Алматы қаласында Халықаралық студенттік спорт федерациясы (FISU) бастамасымен Орталық Азия студенттік спорт федерациясының Құрылтай конференциясы өтті.
Жиынға Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Моңғолиядан келген делегациялар қатысты.

Конференция қорытындысында аймақта студенттік спортты дамытуға бағытталған жаңа құрылым — Орталық Азия студенттік спорт федерациясын құру туралы бірауыздан шешім қабылданды.
Отырыс барысында Өзбекстан студенттік спорт ассоциациясы төрағасының орынбасары Еркин Қодиров жаңадан құрылған Федерацияның Бас хатшысы қызметіне тағайындалды.
