Орталық Азия елдері басшыларының саммиті кейінге шегерілді

Орталық Азия президенттерінің Бішкек қаласында өтуі жоспарланған үшінші Консультациялық кездесуі коронавирустық пандемияға байланысты 2021 жылға қалдырылды
Орталық Азия президенттерінің Бішкек қаласында өтуі жоспарланған үшінші Консультациялық кездесуі коронавирустық пандемияға байланысты 2021 жылға қалдырылды.
Келесі саммит Түркіменстанда өтуі мүмкін. Бұл туралы Өзбекстанның сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов «Правда Востока» газетасына берген сұхбаьтында мәлімдеді.
«Өкінішке орай, коронавирусқа байланысты жағдай мен пандемияны осы жылдың соңына дейін жою уақытындағы сенімсіздікке байланысты келесі - үшінші Консультациялық кездесуді өткізу мүмкін емес»,- деген А.Камилов.
Оның айтуынша, келесі кездесу 2021 жылы Түркіменстан өтуі мүмкін. Қырғызстандағы орын алған жағдайға орай, Түркіменстан аймақтың мүддесі үшін келер жылы ОА мемлекет басшыларының саммитін түркімен жерінде өткізу жөнінде ұсыныс білдірген. Ал кездесудің кейінге шегерілуі аймақ елдерінің аумақтық ынтымақтастықты дамыту мен тереңдетуде «баяулау» дегенді білдірмейді. Көпжақты ынтымақтастық Орталық Азияның бес елі үшін маңызды болып табылады, деген министр.