Оксфорд университетінде өзбек тілі орталығы ашылды
Өзбекстанның Ұлыбританиядағы Елшілігі әлемдегі ең көне оқу және ғылыми мекемелердің бірі Оксфорд университетінің басшылығымен келіссөздер жүргізді.
«Dunyo» агенттігінің хабарлауынша, келіссөздер барысында Оксфорд университеті және Өзбекстанның жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттары арасында академиялық ынтымақтастық орнату, Британ университеті жанындағы Wolfson College бағдарламалары негізінде мамандандырылған бағыттар бойынша мамандар даярлау мәселелері талқыланған.
Оксфорд университетінің «Birso`z» орталығының директоры Лейла Наджафзодамен өткен кездесуде осы оқу орнында өзбек тілін оқыту жобасын құру туралы келісімге қол жеткізілді.
2024 жылдың қаңтарында 15-ке жуық оқушының қатысуымен өзбек тілі сабақтары басталады.
Өзбекстанның Ұлыбританиядағы Елшілігі Орталықтың ғылыми базасын байыту мақсатында өзбек тілінде қажетті әдебиеттер мен оқу материалдарын жеткізеді, делінген хабарламада.