Нью-Джерси тұрғыны лотереядан 847 миллион доллар ұтып алды
АҚШ-тың Нью-Джерси штатында сатылған лотерея билетіне 847 миллион доллар ұтыс шықты. Бұл – америкалық «Powerball» лотереясы тарихындағы тоғызыншы ірі джекпот.
WABC телеарнасының хабарлауынша, ұтыс шыққан лотерея Монтвейл қаласындағы «Wegmans» супермаркетінде сатылған. Ойыншы алты санның барлығын, яғни 15, 34, 41, 53, 56 және қосымша «Powerball» нөмірі – 21 санын дұрыс тапқан.
Жеңімпаздың кім екені әзірге белгісіз. Штат заңнамасына сәйкес, ұтысты алу үшін жеребе ойнатылған күннен бастап бір жыл уақыт беріледі.
847 миллион долларды 29 жыл бойы жыл сайын бөліп алуға немесе бір жолғы төлем ретінде 363,1 миллион доллар алуға болады.
«Powerball» тарихындағы ең ірі джекпот 2022 жылғы қарашада Калифорния штатында сатылған билетке тиесілі. Ол кезде жеңімпаз 2,04 миллиард доллар ұтып алған еді.