Нигер президентін өз күзетшілері қамауға алды
Нигер президентінің гвардиясымемлекеттік төңкеріс жасауға әрекеттеніп, ел басшысы Мохаммед Базумды тұтқынға алды.
БАҚ хабарлауынша, Базум мен Ішкі істер министрі Хамаду Адаму Сулей президент сарайында қамауға алынған.
Бүгін таңға жуық мемлекет басшысының әлеуметтік желідегі парақшасында Базум мен оның жанұясы «өздерін жақсы сезінуде» деген жазба шықты. Бірақ біраз уақыттан кейін бұл хабарлама өшірілген.
Хабарламаға сәйкес, төңкеріс әрекетінің артында 10 жылға жуық президенттік гвардияны басқарған генерал Умар Тчиани тұрғаны атап өтілді.
2021 жылдың ақпанында президенттік қызметке кіріскен Мұхаммед Базум Нигердің демократиялық жолмен сайланған алғашқы басшысы.