Әндіжанда әскери саябақ ашылды
Жаңа Әндіжан қаласында жаңадан салынған әскери саябақтың салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Жастарды отансүйгіштік рухында тәрбиелеу, олардың бойында Отанды қорғауға деген жауапкершілік, туған жерге деген махаббат, оның бай тарихы мен ұлы болашағына мақтаныш сезімін арттыру мақсатында бой көтерген саябақтың ашылуында облыс әкімі Ш.Абдурахманов, Шығыс әскери округінің қолбасшысы, генерал-майор О.Саидов, еңбек ардагерлері, әскери қызметкерлер, жастар мен қоғам өкілдері қатысты.
[gallery-19569]
Символдық лента кесілгеннен кейін, облыс әкімі мен әскери округтің қолбасшысының басшылығымен саябақтағы «Отанға ант» монументіне гүл шоқтары қойылды. Сондай-ақ, елдің азаттығы, тыныштығы мен қорғанысы жолында жанын пида еткен батырлардың рухына тағзым жасалды.
Мерекелік шара барысында өнерпаздар, әскери оркестр орындаған ән-күйі мен күзет әскері сарбаздарының қойылымдары көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
суреттерді түсірген З.Умрзоқов, ӨзА