Үндістан мен Өзбекстан бірлескен әскери оқу-жаттығуларын бастады
Үндістанның Пуна қаласындағы халықаралық оқу-жаттығу базасында «Достық – 2025» атты Өзбекстан мен Үндістан арасындағы бірлескен әскери оқу-жаттығу шаралары өз жұмысын бастады.
2019 жылдан бері тұрақты түрде өтіп келе жатқан бұл оқу-жаттығулар екі ел арасындағы әскери ынтымақтастықты дамыту мен нығайтуға бағытталған. Аталмыш жаттығулар жыл сайын кезекпен екі мемлекет – Өзбекстан мен Үндістан аумағында өтеді.
2024 жылы әскери мамандар «Достық – 2024» жаттығулары аясында Өзбекстандағы «Термез» дала-оқу полигонында өзара тәжірибе алмасқан болатын.
Рәсми ашылу салтанатына екі елдің әскери делегацияларының өкілдері қатысып, бұл бірлескен жаттығулардың Өзбекстан мен Үндістан арасындағы әскери байланыстарды нығайтуға, сондай-ақ әскери қызметшілердің білімін, біліктілігін және тәжірибесін арттыруға үлкен септігін тигізіп жатқаны атап өтілді.
«Достық – 2025» бірлескен оқу-жаттығулары 28 сәуірге дейін жалғасады.