Наманганда «Аякс» футбол академиясы ашылды
Өзбекстан Республикасы мемлекеттік тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай Наманган қаласында Нидерландтың әйгілі «Аякс» футбол клубының академиясы өз жұмысын бастады.
Академияның салтанатты ашылу рәсіміне Наманган облысының хокімі Шавкат Абдураззоқов, ақсақалдар, спорт ардагерлері, жас футболшылар, жанкүйерлер және қалың жұртшылық өкілдері қатысты.
Жобаның негізгі мақсаты – талантты жастарды анықтап, олардың шеберлігін арттыру және ұлттық әрі халықаралық жарыстарда ел намысын лайықты қорғай алатын футболшыларды даярлау.
[gallery-31191]
«Аякс» академиясының Наманганда жұмысын бастауы облыста балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуды жаңа деңгейге көтеріп, дарынды жастарды іріктеу және олардың шеберлігін жетілдіруге мүмкіндік береді деп күтілуде.
суреттерді түсірген Х.МАМАДАЛИЕВ, ӨзА