Мысырдағы әлем кубогында өзбекстандық жас мерген алтын алды
Каир қаласында оқ ату спорты бойынша жастар арасындағы Әлем кубогының кезеңдік жарыстары жалғасып жатыр.
25 елден келген 300-ге жуық мерген қатысып жатқан дүбірлі додада Өзбекстан құрамасының 10 спортшысы өз бағыттары бойынша сынға түсуде.

Кеше өткен жарыс күнінде 10 метр қашықтықтан пневматикалық мылтықпен ату сайысында ұлттық құраманың мүшесі Жавохир Сохибов тамаша нәтиже көрсетіп, алтын медальді жеңіп алды.
Айта кетейік, Әлем кубогының кезеңдік жарыстары 27 сәуірге дейін жалғасады.