Мьянмадағы жарылыстан 46 адам қаза тапты
Қайғылы оқиға Мьянманың солтүстік-шығысындағы Каунгтуп ауылында, Намхкам ауданында болған.
Жергілікті құтқарушылардың айтуынша, кен өндіруші компания ғимаратында жарылғыш заттар сақталған болуы мүмкін.
Associated Press басылымының хабарлауынша, жарылыс салдарынан 46 адам қаза тауып, 70-тен астам адам жараланған.
Қаза болғандардың арасында балалар да бар екені айтылуда.
Іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, жарылыс орнына жақын орналасқан ондаған үй бүлінген. Мамандар гелигнит жарылысы ірі апаттың ықтимал себебі болуы мүмкін.
Еске салсақ, мамыр айының соңында Қытайдағы көмір шахтасында болған жарылыс салдарынан 80-нен астам жұмысшы қаза тапқан еді.