Әңгіме

Ибрагим РАХИМ, өзбек жазушысы

Мақта терімі біте салысымен біздің ауылдың кісілері Ташкент қаласына баруға дайындала бастайды.

Өйткені, ауылдық дүкенде неше түрлі шетелдік тапшы тауарлар сатылғанымен, халыққа ең қажетті дүниелер, мәселен, көйлек, халат тігетін жақсы адрас мата да, ыңғайлы әрі арзан аяқ киімдер де, мәсі мен галош та жоқ. Қаладан, тіпті Ташкенттің өзінен осында, соңғы үлгідегі плащ, пальто, костюм, аяқ-киімдерді сатып алуға келеді. Басқа, басқа, ал сәнді киімдер өнімі біздің дүкенде жетеді. Сондықтан ташкенттік сәнқойлар бізге, ал біз керісінше оларға барып жүргеніміз. Біз оған аса қатты ренжімейміз де. Отандық сауда саласын жоспарлау саясатының желеуімен, Ташкентті де көріп қаламыз. Болмаса ол жақа әдейі кім қыдырып барады дейсің.

Ташкентке жиналғандардың ішінде Көлденең-Тәжібай да бар еді. Тәжібай қызба мінезді, не болса соған ерегісіп, көлденең шыға келетін. Жүргізушілер арасында "оталғыш" деген сөз бар ғой. Сол айтқандай Тәжібай жарты айналымнан оталады. Керемет ерегіскіш. Сөзден жеңіліп бара жатса едірейген мұртын сипап (ол өз мұртымен ерекше мақтанып, оны аса күтетін), қолын аспанға көтеріп, "Алла, Алла" деп жүрек тұсын ұстап, аузы көпіріп сөз тыңдамай кетеді. Осындай қырсық мінезіне байланысты бәрі оны Көлденең-Тәжібай дейтін.

Сонымен Тәжібай отбасын жинап жиналыс өткізеді. Күн тәртібінде бір ғана сұрақ: Ташкентке барғанда кімге не сатып аламыз? 

Тәжібайдың зайыбы Хадиша жұмыс істемейді, үй шаруасындағы әйел. Оған соның өзі де жеткілікті. Өйткені Тәжібайдың отбасы үлкен: алты баласы және қолында кәрі шешесі мен Мәскеуден оқу бітіріп келген жиен қарындасы бар.

- Егер менің үнді құдайындай сегіз қолым болса, - дейтін ондайда Хадиша армандап, - мен кешке киноға барып, би кештерін де жібермейтін бе едім. Тек екі қолым болғандықтан, амал жоқ балалардың өскенін күтеміз де. Кішкентайымызды балалар бақшасына беретін едік, үлкендері біріне бірі қарасып, үй жұмысына қолғабыс болар ма еді. Қалалықтар ғой, бір-екі бала туады да, соған ақылап-үкілеп жүргені, біздің ауылда он балаға дейін туғандар бар, жүр ғой өлмей. 

Сонымен жалпы отбасылық жиында Көлденең-Тәжібай сатып алатын заттардың тізімін жасай бастады. Басында барлығы дұрыс болатын. Тәжібайдың жазып жатқан тізіміне отбасы мүшелері риза сияқты еді, аяқ киімге келген кезде кілтипан шықты. Осы топлидан басталған қызық әңгімені, сіздерге айтып бергім кеп отыр. 

Тізімге көз салған Хадиша:

- Менің қымбатты Тәжібайым, неге өзіңізге де, маған да бір-бір пар аяқ киім алғыңыз келеді? Көп жүретін кісіге бір емес, екі пар аяқ киім алу керек емес пе?

- Жарайсың, қатын! - Тәжібай риза болғаны соншалық әдемі мұртын сипап-сипап алды. - Сенің осылай дейтініңді сезіп едім. Өзің айтып тұрсаң, енді еш ойланбай екі пар аяқ киім аламын: біреуі - қара топли, екіншісін... жарайды, Ташкентке бара көрермін.

- Е-е, Тәжібай, сіз мені түсінбедіңіз, -  деп Хадиша сөзін бөліп. - Сонда сіз менен көп жүремін деп ойлайсыз ба?

- Қалай? Сенің ойыңша, мен... - таңқалған Тәжібайдың аузына сөз түспей, әшейінде тыз етіп дайын тұратын ашуы да келмей қалды,  - Ауырып қалған жоқсың ба Хадиша?

- Рахмет, деніміз сау. Тек, кез келген кісі менің сізден көп жүретініме куә бола алады.

- О, Алла! - деп Көлденең-Тәжібай отала бастады. - Мына қатын күні бойы үйде, ал мен егістіктемін. Ол жақа мен таксимен барып келіп жүрмін бе, а? Мүмкін мен жаяу әскерден де көп жүретін шығармын.

- Онда ештеңе емес екен, - деп Хадиша да берілмеді, - қазіргі жаяу әскер толықтай механикаландырылған.

- Қалай ғана аузың барып осы сөзді айтып тұрсың, - деп Тәжібай қылқына айқайлап, - Менің жұмысымды өзіңнің үйдегі шаруаңмен қалай салыстырасың. Мен күні бойы екі аяқтамын.

- Ал, мен жантайып жатып, күні бойы шәй ішеді екенмін.

Бір оталған Тәжібайды енді тоқтату, әсте қиын. Ол өзінен басқа ешкімді тыңдамайды. 

"Мен әйелімнен аз жүремін! О, Алла!"- деп ертегілердегі зұлым сиқыршылардың күлкісіне салып қарқылдап. - Бұл осыншама өмірімде естіп тұрған ең қызық дүние болды ғой! Жоқ, мұны мен шәйханаға барып, достарыма айтып, бір күлдірмесем болмас, жарылып кетермін. Көңілдерін көтергенім үшін олар мені бір ай тегін палаумен сыйлайтын болады! Ха-ха-ха! Мен аз жүреді екем!.. Мүмкін мені күні бойы орнымда тапжылмай тұрады демек шығарсың? Мен тірі жан емес, қағып қойған қазық болармын, а? Соны айтқың келді ме? Мен қазықпын! Рахмет! Қара да тұр!..

Жұрт оны көлденең деп бекер айтқан ба, барлық отбасы болып қойғыза алмады. Бір сағатқа жуық оның көңілін табу үшін, жақсы көретін әнін ойнатып, оған қыздары билеп берді, шешесі тіпті ертегі айта бастағанда ғана, Көлденең-Тәжібай сабасына сәл түскендей болып, сонда да мұртын едірейтіп:

- Бәрібір жігіттерге айтпасам болмас. Олар да бір күліп алсын.

- Ал ертең ояна салып, менімен бірге үй шаруасын істеңіз, көресіз менің қанша жүретінімді, - деді Хадиша сыртқа бет түзеген Тәжібайдың соңынан. 

Тәжібай "әйелім шынымен де ауырып қалмады ма" дегендей ойға қалып, оған бір қарады да, үндемей шығып кетті.

Бөдененің бытпылдаған дауысы естіліп тұрған шәйханада достары асықпай, сораптатып көк шәй ішіп, Американың полицейлері мен гангстерлері арасындағы қақтығыс туралы мәселені қызу талқылап жатыр екен. 

Бірнеше шәйнек шәй ішіліп, әңгіме халықаралық тақырыптан әйелдер туралы естеліктерге ауыса бастағанда, Тәжібай бір күліп алып, сөз бастады:

- Ал, жігіттер, мен сендердің көңілдеріңді бір көтерейін. Әйелім Хадишаның маған бүгін не айтқанын білесіңдер ме?

- Тағы да бір ұл тауып беремін!

- Мұртыңды қырып тастасаңшы, жыбырлатады!

- Машина сатып алатын кез келді!

Осы сынды айтылған жауаптарға Тәжібай миығынан күліп отырды да, бәрі өз нұсқаларын айтып бітті ау дегенде:

- Әйелім маған, Ташкентке барғанда өзіме бір пар аяқ киім алсам, оған екі пар алуым керек екенін айтты.

- Неге?

- Өйткені, ол менен көп жүреді екен.

- Сенің Хадишаңды жұрт осы бекерден-бекер ақылды әйел демейді екен ау! - деп Ғафұр достарына бір көзін қысып, отала бастаған Тәжібайды одан сайын қоздыра: - Мүмкін оныкі дұрыс шығар?

Аң-таң болған Тәжібай ішіп отырған шәйін ұмытып кетіп, атып тұрып, өзінің бір күнде не істейтінін санай бастады (оның сөзіне сенсек бір күнде ол жер шарын экватор бойынша екі айналып шығуға жақын), сөзінің сонында тіпті қызбаланып:

- Әкемнің әруағымен ант етейін: егер шынымен де әйелімнен аз жүретінім анықталып жатса, мұртымды қырып тастаймын!

Бәрі шу ете қалды:

- Бос уәде беріп қайтесің!

- Кім көп жүретінін қалай анықтайсың?

- Кімнің сөзі рас, кімдікі жалған екенін қалай тексересің?

- Неге?- деп Ғафұр тағы да бір әңгіменің шетін шығарып. - Бір күнде кімнің қанша жүргенін анықтау түкте қиын емес. Ол үшін тек қадамөлшегіш сатып алу керек. Ол сағат сияқты аспап, оны тағы педометр деп те атайды, қадам санын өлшейді. Біздің дүкенде бар. Консервілер жатқан жоғарғы сол жақ сөреде тұр. Қымбат емес. Тәжібай соны сатып алса болды, бәрі анықталады. 

Тәжібай сол жерде қадамөлшегішті сатып алуға уәде берді. Ол әлі көрсетеді, кімнің кім екенін. Кімге екі пар аяқ киім алу керек екенін Хадиша білетін болады. 

Әйеліне ештеңе демей, дүкеннен қадамөлшегішті сатып алды да, күні бойы жанында ұстап жүрді. Күзгі дала жұмыстары қызған шақ, бұл кезде ауыл тұрғынына тыным жоқ, сондықтан кешке Тәжібайдың қадамөлшегіші бес дәрежелі санды көрсетіп тұрды. Өз жетістігін шәйханадағы достарына мақтана жариялады.

Жексенбі күні Тәжібай жұмысқа бармады.

- Отағасы, Сізге не болды, ауырып қалған жоқсыз ба? - деді Хадиша күйеуінің ешқайда шықпай, үйде жүргенін көріп.

Ал енді, күйеуі оның артынан бір елі қалмай ілесіп жүре бастағанда тіпті таң-тамаша болды. Хадиша бақшаға барса, Тәжібай да сонда. Тандыр ошақтың жанына отын көрейін деп тоқтаса, ол да тоқтайды. Хадиша дүкенге барып еді, күйеуі бірге еріп барып, сөмкелерін көтерісіп келді.

- Сізге бірнәрсе болды ма? Үйдің шаруасы қашаннан бері қызықтыратын болған? - деп Хадиша түкке түсінбей. - Әлде істейтін шаруаңыз қалмады ма?

Түстен кейін әйелі енді оған ренжи бастады:

- Мені қашып кетеді деп қорқасыз ба? Бұдан жас кезімде де бұлай қызғанбаушы едіңіз?

Тәжібай бір нәрсе деп міңгірледі, бірақ не айтқанын өзі де түсінбеді-ау деймін. Болмаған соң тек сұлу мұртын сипай берді. Тексеру жүргізіп жатырмын деп айтып көр, әйелі әдейі көп жүріп алар. 

Бірақ Хадиша еш секем алмады, өйткені ондай қадам өлшейтін аспаптың барынан ол хабарсыз еді. 

Уақыт бесінге таяғанда Тәжібайдың аяғы гуілдей бастады. Сағат кешкі алтыларға қарай оның жүрісі өзгерді: аяғын әрең сүйреп, әйелінің ритміне ілесу қиынға түсе бастады. Сегізге қарай Тәжібай Хадишаның артынан жүруден шаршап, бір орнында адымдап тұратын болды. Өйткені қадамөлшегішке бәрібір еді, сен жүріп адымдадың ба, әлде орныңда тұрып қадамдадың ба - бірдей көрсеткіш көрсетеді. Әкелерінің қылығына балалары мәз болып күлумен болса, сәкіде отырған шешесі баласының не істеп жүргенін түсінбеді.

- Балам-ау, саған не болды? Бір орнында тұрып адымдағаның не, отыршы, дем алсаңшы.

- Өндірістік гимнастика... ох-ох... денсаулыққа пайдалы... ой... көп қимылдау керек... ох! - деп дуылдап бара жатқан белін ұстаған Тәжібай.

Кешкі тамақ ішіліп болғанда, Тәжібай төсегіне сүйретіліп әрең жетті.  

Хадиша болса, аулаға бір шығып, үйге қайта кіріп әлі тыным таппады. Кіріп-шығып жүріп, теледидардан киноны да көріп үлгеріп жүр, балаларды жатқызып, ертеңгі таңғы ас қамын да ұмытпады.

Тәжібай аяғы түгілі, қолын әрең қимылдатып, қалтасынан қадамөлшегішті алғанда көзі шарасынан шығып кетті. Ого-го-го! Аспап достарына мақтанған саннан екі есе артық нәтижені көрсетіп тұрды. 

Қадам санын метрге айналдырып жіберіп еді, жетпіс шақырым шықты. Мәссаған, ауылдан Ташкентке дейінгі аралық па? Ал, Хадиша болса әлі жатпай, далада күйбеңдеп жүр еді.

... Келесі күні Ташкенттен қайтқан кешкі автобус шәйхананың тура қарсысындағы аялдамаға тоқтағанда, одан базардан қайтқан Тәжібай да түсті.

Шәйханада шәй ішіп отырған достарының кеселері ауыздарына апарған күйі қатты да қалды.

- Әй, мынау кім? Көлденең-Тәжібайға ұқсайды ма өзі?

- О, Алла! Тәжібай сияқты, бірақ мұрты қайда оның?

- Оған мұрттың қажеті не, оның қадамөлшегіші бар емес пе? - деп сол баяғы Ғафұр миықтан мырс-мырс күліп жатты.- Ең қызығы, ол Хадишаға неше пар топли алды екен, а?

Өзбек тілінен аударған Рашид БЕЙБІТҰЛЫ

Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
МҰРТ, МІНЕЗ ҺӘМ ҚАДАМӨЛШЕГІШ