Моңғолия Президенті Өзбекстанның ұлттық павильонын тамашалады
Ұлан-Батырда шөлейттенуге қарсы күрес мәселесіне арналған COP17 конференциясы аясында Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хүрэлсүх Өзбекстанның ұлттық павильонына барды.
Моңғолия басшысын Өзбекстан Республикасы Президентінің экология мәселелері жөніндегі кеңесшісі, Экология және климаттың өзгеруі ұлттық комитетінің төрағасы Азиз Абдухакимов қарсы алып, павильонмен таныстырды.
Кездесу барысында Моңғолия Президентіне Өзбекстанда экология саласында жүзеге асырылып жатқан реформалар туралы жан-жақты мәлімет берілді. Сонымен қатар қоршаған ортаны қорғау, климаттың өзгеруі және екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.
Ухнаагийн Хүрэлсүх Өзбекстан тарапынан ұсынылып жатқан экологиялық бастамалар мен табиғи мәселелерді шешу бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға жоғары баға берді. Сондай-ақ экология және климат саласындағы өзекті мәселелерді шешу үшін екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екенін атап өтті.