Меморандум: Өзбекстан мен Татарстан қолөнер саласындағы ынтымақтастықты нығайтады
Бүгінде Өзбекстан мен Татарстан Республикасы арасындағы көпжақты байланыстар жаңа деңгейге көтеріліп келеді. Екі халықты ортақ мәдени тамыр, тарихи құндылықтар мен ғасырлар бойы қалыптасқан достық дәстүрі тығыз байланыстырады. Осындай рухани байланыстың жарқын көріністерінің бірі – халықтық қолданбалы өнер мен қолөнер.
Жаһандану үдерісі қарқын алған қазіргі кезеңде ұлттық болмысты, бірегей дәстүрлерді сақтап, оларды келер ұрпаққа аманат ету екі тарап үшін де маңызды міндеттердің бірне айналды.
Осыған орай, Ташкент «Hunarmand» республикалық қауымдастығының төрағасы Расулжон Мирзаахмедов пен Татарстан Республикасы делегациясының өкілдері арасында кездесу өтті.

Кездесу барысында Өзбекстан мен Татарстан арасындағы қолөнер саласындағы ынтымақтастықты дамыту, екі ел шеберлерінің басқосуларын ұйымдастыру, жастарға арналған шеберлік сабақтарын өткізу, ұлттық қолөнер дәстүрлерін сақтау және ұстаз-шәкірт сабақтастығын жалғастыру мәселелері талқыланды.
Сондай-ақ тараптар өзара тәжірибе алмасу, шығармашылық байланыстар орнату және бірлескен жобаларды жүзеге асыру жөнінде пікір алмасты. Кездесу соңында қолөнер саласындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған меморандумға қол қойылды.

Айта кетейік, бұл келісім екіжақты ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеруге, ұлттық қолөнерді халықаралық деңгейде дәріптеуге және бай мәдени мұраны келер ұрпаққа жеткізуге ықпал етеді.