Мемлекет басшысы жеміс-жидек кластерін құру жөнінде кеңес өткізді
Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияевтің төрағалығымен 9 желтоқсанда жеміс-жидек көкөніс кластерлерін құру, олардың сапасы мен экспортын арттыру мәселесін талқылауға арналған бейнеконференция өтті.
Агроөнеркәсіптік кешеннің өнімділігін одан әрі арттыру мақсатында Президенттің Жарлығымен Өзбекстан Республикасының ауыл шаруашылығын дамытудың 2020-2030 жылдарға арналған стратегиясы қабылданды. Онда өндірісті әртараптандыру, агробизнестің қолайлы ортасын және жоғары құндылық тізбегін құру, өнеркәсіпте озық технологияларды қолдану бойынша бірқатар маңызды шаралар анықталды.
Статистикаға сәйкес, елімізде жылына 21 миллион тоннадан астам жеміс-жидек пен көкөніс өндіріліп, оның тек 1,5 миллион тоннасы ғана экспортталады екен. Өйткені сыртқы нарықта бәсекеге қабілетті өнім жетерлік дәрежеде шықпауының арқасы және маркетингтің жоқығынан.
Оның үстіне диқандар мен қайта өңдеушілер зауыттар арасында жүйелі байланыс орнатылмаған. Фермер өнімдерін өз білгенше орналастырып оны сатуға мұршасы келмей сарсаң болса, экспорттаушы жемістер мен көкөністерді іздеп әуреге түсуде. Бұл шетелдік сатып алушылармен ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа теріс әсер етеді.
Осыған орай, Мемлекет басшысы жеміс-көкөніс шаруашылығында кластерлік жүйе құру қажеттігін айтып, өнімді сақтау және өңдеу үшін инфрақұрылымы бар салада көп жылдық тәжірибесі бар кәсіпкерлерді тарту өте пайдалы болатындығын жеткізді.
Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігіне әр бір ауданда өндірілген әр дақылдың көлемін, түрін, сапасын және экспорттық құндылығын терең талдап әртараптандыру мәселесі тапсырылды.

Өзбекстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі хабары. Хабарды толықтай «president.uz»дан оқи аласыздар.