Мемлекет басшысы Әндіжандағы шипажайға барды

Өзінің көркем табиғатымен адамдар көңілінен жай тапқан Әндіжан облысында орналасқан Ханабадта бір кездері құрылысы бастаған шипажай қараусыз қалып кеткен болатын.
Өзінің көркем табиғатымен адамдар көңілінен жай тапқан Әндіжан облысында орналасқан Ханабадта бір кездері құрылысы бастаған шипажай қараусыз қалып кеткен болатын. 2017 жылғы президенттің сапарлай келуі, демалыс орынның көркейуіне, әсем табиғаттың баурайында адамдардың дем алулары үшін жағдай жасалуына жол ашқан еді.
Өткен жылы бұл мекенде 180 орынды заманауй демалыс орны өз жұмысын бастады. Емдеу ғимараттары мен стандартты, жартылай және люкс бөлмелер пайда болып, барлық қолайлықтар жаратылды.
Теңіз деңгейінен 850 метр биіктікте орналасқан бұл шипажай, таза ауасы мен адам организміне пайдалы емдік суы бар жүйке жүйесі, жүрек-тамыр ауруларын емдеуге мамандандырылған. Минералды ванналар, физиотерапия, электрофорез, гальванизация, инемен емдеу, стоматология, косметология, галотерапия емдік қызметтері жолға қойылған.

Мемлекет басшысы шипажайдың жұмыс ісеу тәсілі мен ондағы демалушыларға көрсетілетін қызметтердің қандай сапалы екендігіне көз жеткізді. Алдағы уақытта, Әндіжан облысында туризмді дамытуға байланысты жобалардың презентациясы өтетін болады.







Өзбекстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметі хабары.