Президент Шавкат Мирзиёев 3 ақпанда ірі көлік инфрақұрылымы бойынша жобалармен танысты.

Халық пен экономиканың өсіп келе жатқан қажеттіліктеріне сәйкес, көлік желісі біртіндеп дамып келеді. Мемлекет басшысының 2023 жылғы 10 қазандағы қаулысына сәйкес, жол шаруашылығы жетілдіріліп, жолдарды салу, жөндеу және пайдалану ауқымы артты.

Аталған қаулыда заманауи автомобиль жолдарын дамыту мүмкіндіктері де белгіленген болатын. Атап айтқанда, осы уақыт ішінде Дүниежүзілік банкпен бірлесіп, «Ташкент – Әндіжан» балама жолы жобаланды. Жалпы ұзындығы 314 шақырымды құрайтын бұл жоғары жылдамдықты магистраль пайдалануға берілгеннен кейін Ташкенттен Әндіжанға жету уақыты 5 сағаттан 3 сағатқа қысқарады. Сонымен қатар, бұл жалпы ішкі өнімді 2,6%-ға арттырып, жол-көлік оқиғаларын 40%-ға азайтуы мүмкін.

Жуырда осы жоба бойынша халықаралық тендер жарияланды. Қысқа уақыт ішінде оған көптеген беделді шетелдік компаниялар қызығушылық танытты.

Жиында жоба бойынша ұсыныстар қаралды. Көлік министрлігіне жүктемесі жоғары басқа жолдарда да балама магистральдар салу, жолдардағы ыңғайлылық пен қауіпсіздікті арттыру, түрлі ақылы қызметтер енгізу бойынша тапсырмалар берілді.

Мемлекет басшысына Біріккен Араб Әмірліктерінің «AD Ports Group» компаниясымен бірлесіп, Нaуаи облысында «құрғақ порт» құру жобасы туралы да ақпарат берілді.

Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Мемлекет басшысы көлік инфрақұрылымы бойынша жобалармен танысты