Мемлекет басшысы Жаңа даму банкінің президентімен кездесті
Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Ташкент халықаралық инвестициялық форумы аясындағы іс-шараларға қатысу үшін елімізге келген Жаңа даму банкінің президенті Дилма Русефпен кездесу өткізді.
Кездесуде халықаралық қаржы институтымен ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері, ең алдымен, бұған дейінгі кездесулер барысында қол жеткізілген жоғары деңгейдегі келісімдерді жүзеге асыру барысы талқыланды.

Дилма Русеф Өзбекстанда жүзеге асырылып жатқан реформаларға жоғары баға беріп, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттарын алдағы уақытта да қолдауға дайын екенін мәлімдеді.

Өзбекстанның Жаңа даму банкіне мүше мемлекеттердің қатарына қосылғаны ризашылықпен атап өтілді. Тараптар энергетика, су шаруашылығы, көлік және инженерлік инфрақұрылым салаларында, сондай-ақ жеке сектор мен әлеуметтік саланы қолдау бағытында банк сарапшыларының қатысуымен орта мерзімді бірлескен жобалар портфелін қалыптастыруға келісті. Сонымен қатар, Жаңа даму банкінің өңірлік маңызы бар ірі көлік-логистика жобаларын іске асыруға қатысуының маңызды екені атап өтілді.

Кездесу барысында банктің елімізде жүзеге асырылып жатқан экологиялық трансформация бағдарламалары мен жобаларына қатысуына ерекше назар аударылды.
Сондай-ақ, алдағы кезеңде Өзбекстанда Жаңа даму банкінің ірі іс-шараларын өткізу жоспарлары да қарастырылды.