Медицина және физиология саласы бойынша Нобель сыйлығының иегерлері анықталды
Нобель сыйлығы иегерлерінің әрбірі 900 миллон швед кронасы(740 000 фунт стерлинг) мен марапатталады.
Медицина мен физиология саласында 2019 жылғы Нобель сыйлығын Уильям Келин, Питер Ратклифф және Грегг Семенцалар иеленді, -деп хабарлайды Каролин медициналық институты қсындағы Нобель комитеті.
Бұл үш ғалым тірі жасушалардың оттегі құрамына қарай сезімталдық пен бейімделу механизмін ашқан.
Комитеттің хабарына сәйкес оттегінің өмір үшін маңыздылығы ұзақ уақыттан бері анық болса да, жасушалардың осы газ деңгейіне қалай бейімделетіні белгісіз болып келген еді.
«Олар әртүрлі оттегі деңгейлеріндегі гендік белсенділікті реттейтін молекулалық механизмді анықтады. Биылғы Нобель сыйлығы лауреаттарының іргелі жаңалығы өмірдегі ең маңызды бейімделу процесітерінен бірнің механизмін ашты» -делінеді хабарда.
Осы жолғы лауреаттардың зерттеуі, оттегі деңгейінің метаболизмге қалай әсер ететінін оңай түсінуге негіз болды. Сонымен қатар, олардың жаңалығы анемиямен, қатерлі ісік және басқа аурулармен күресудің жаңа, болашағы бар жолдарын ашуға мүмкіндік береді.
Лауреаттарды марапаттау рәсімі дәстүрге сай 10-шы желтоқсанда Нобель сыйлығының негізін қалаушы швециялық кәсіпкер және өнертапқыш Альфред Нобельдің өмірден қайтқан күнінде өткізіледі.
Нобель сыйлығы иегерлерінің әрбірі 900 миллон швед кронасы(740 000 фунт стерлинг) мен марапатталады.