29 тамызда Өзбекстан Республикасының Мәдениет және туризм министрлігінде министр О.Назарбеков пен Қазақстан Республикасының Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Б.Атамқұловтың кездесуі өтті.
Елшілік мәліметінше, дипломатиялық өкілдіктің басшысы Б.Атамқұлов Министрді келе жатқан Өзбекстанның Тәуелсіздік күнінің 32 жылдығымен құттықтап, 2023 жылдың маусым айында Өзбекстанда Қазақстанның мәдениет күндерін (Ташкент, Бұхара, Самарқанд) өткізуге қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірген.
Елші Өзбекстанның Орталық Азияның тарихы мен қазіргі мәдениетіндегі ерекше рөлін, сондай-ақ халықтарымыздың рухани жақындығын атап өткен.
Кездесу барысында ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың алдағы жоспарлары белгіленді. Тараптардың ресми ақпарат көздері бойынша мәдени мазмұнды өзара кеңейту мәселелері талқыланды, делінген Елшілік ақпаратында.